- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының жолдарында Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ел есінде» эстафетасы жалғасуда (ФОТО)
Ақмола облысының жолдарында Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ел есінде» эстафетасы жалғасуда (ФОТО)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын атап өту аясында 2015 жылдың 3 мен 9 мамыр аралығында Ақмола облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы аудан мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп аймақтың жолдарында «Ел есiнде-2015» жұлдызды жеңіл атлетика эстафетасын өткізуде.
Эстафетаға жастар, ардагерлер, спорт пен өңірдің жетекші спортшылары қатысуда. Аталмыш эстафета 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда, олардың әр қайсысының қашықтығы 400-ден 600 шақырымға дейін. Жалпы алғанда эстафетаға қатысушылар 2300-ге жуық км жолды жүгіріп өтеді және 25 елдімекенді аралайды.
Ақпарат бойынша, күн сайын эстафетаға қатысушылар өздерінің аймақтарындағы қорғаушы жауынгерлердің ескерткішінен жүгіріп бастайды және көрші ауданға дейін жүгіреді. Әр кезең көрші ауданда ардагерлердің қатысуымен ескерткішке гүл қою рәсімімен аяқталады.
Бұл эстафетаның соңғы мәресі Көкшетау қаласы. Эстафетаға қатысушылар өздерінің аудандарының қасиетті жері бар капсуланы, естелік кітаптарды Көкшетауға алып барады. Ал, 9 мамыр күні Көкшетау қаласындағы «Мәңгі алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы