- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның электр желілерін жаңғырту 2016 жылы аяқталады – Б.Сәрсенов
Қазақстанның электр желілерін жаңғырту 2016 жылы аяқталады – Б.Сәрсенов
«Қазіргі таңда «KEGOC» акционерлік қоғамы Қазақстанның ұлттық электржелісін жаңғыртумен айналысуда. Мұндағы мақсат елдің электрэнергиясы нарығы қызметінің тиімділігін арттыру болып отыр. Өз кезегінде аталмыш шара электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз етумен байланысты барлық жұмыстарды тұрақты әрі ұзақмерзімге болжамдауға мүмкіндік береді»,-деді Б.Сәрсенов.
Ұлттық электржелілерін жаңғырту шараларын жүзеге асыру жұмыстары 2010 жылы басталған, 2016 жылы аяқталады.
«Аталған жаңғырту жұмыстарының барысында екінші кезең құрылысы басталады, бұл 220кВ «Түлкібас-Бурный» жоғары вольтты желісі, ұзындығы 62 километр. «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» желісінің барлық құрылысы және Қазақстанның электр желілерін жаңғырту «KEGOC» акционерлік қоғамының жеке қаржысы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен жүзеге асырылуда»,-деді Б.Сәрсенов.
Департамент директорының сөзінше, Қазақстанның энергияжүйесін нығайтудағы маңызды жоба Павлодар энергия торабын елімізідің бірыңғай энеретикалық жүйесімен байланыстыру болып отыр.
«Негізінен бұл Павлодар және Екібастұз ашық тарату құрылғылары мен стансалар жобасын жүзеге асыру және оларды кеңейту болып табылады. Аталмыш жобалар жүзеге асырыла бастаған кезден бері қосымша құн салығын қоса есептегенде 117 миллион теңге көлеміндегі негізгі салымдар игеріледі»,-деп қорытты сөзін департамент директоры.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев