- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда даңқты батыр Ыбырайым Сүлейменовтің ескерткіші ашылды
Таразда даңқты батыр Ыбырайым Сүлейменовтің ескерткіші ашылды
Ыбырайым Сүлейменов 1911 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. 1942 жылдың басында әскер қатарына шақырылып, 100-дербес атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанды. Сол жылы Калинин майданының шебінде сұрапыл соғысқа қатысып, алғашқы күннен бастап өзінің ержүректілігімен танылған.
Ы. Сүлейменов соғыс кезінде мергендігімен көзге түсіп, 1943 жылы 15 қазанда Ресейдің Невель қаласын жаудан азат ету үшін болған шайқаста Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметовамен бір күнде, бір майдан шебінде қаза болады. Ол майданда 300 - ге жуық жау әскерін жер жастандырған.
Ыбырайым Сүлейменевке 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын беру идеясы көтеріліп, екі рет орденге ұсынылған болатын. Бірақ, оның ерлігін сол кездегі Кеңес билігі небәрі Ленин орденіне лайықты деп есептеген болатын.
Даңқты батыр, Қазақ елінің мақтанышы Ыбырайым Сүлейменовтің мүсіні Тараз қаласындағы батыр атымен аталатын көше бойына орнатылды.
Ескерткіш орналасқан жер аумағы 800 шаршы метрді құрайды. Мүсіннің жалпы бейнесі тастан қашалып жасалған.
Батырдың ескерткіші қызыл Қордай гранитінен қашалған, биіктігі 2 метр, тұғыры 2 метрді құрайды. Постаменті темір бетоннан құйылып граниттен қапталған.
Авторы СССР суретшілер және Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі- Момыш Сейіткерім Серкеұлы.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды