• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК оптикалық талшық өндіруге қажетті компоненттер тасымалының құн салығын уақытша алып тастады

ЕЭК оптикалық талшық өндіруге қажетті компоненттер тасымалының құн салығын уақытша алып тастады

8 Мамыр, 2015 17:51
ЕЭК алқасы оптикалық әйнектен жасалатын бұйымдардың кедендік тасымал салығының ставкасын уақытша төмендету жөнінде шешім қабылдады. Акрильді полимер сынды бұйымдар оптикалық талшық дайындауға қажетті негізгі компоненттер болып табылады, делінген Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ресми порталында.

«Салық ставкасы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін кедендік бағадан 14-тен 0 пайызға дейін  төмендейді. Мұндай шара телекоммуникациялық және техникалық, оптикалық талшық өндіруге қажетті жағдайлар қалыптастырады. Өз кезегінде ол ЕАЭО елдерінде аталмыш өнімді өндіру үшін инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына игі ықпал ететін болады»,-деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

2014 жылы шыныдан жасалатын бұйымдардың алыс шет мемлекеттер мен ТМД елдерінен импортының жалпы көлемі 2013 жылмен салыстырғанда саны жағынан 1,5 есеге, бағасы жағынан 3,75 есеге артады. 

Шешім құжат ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде күшіне енеді. Бұған қоса, ЕЭК алқасының шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның сыртқы экономикалық қызметінің эксковаторға қажетті аллюминий радиаторы, жарықдиодты лампа мен пісіруге қажетті жеңдердің бірыңғай тауарлы номенклатурасын бөлу принциптері нақтыланады.  

 

  

Барлық жаңалықтар