- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда азық-түлік импорты 6,2 пайызға төмендеді - АШМ
Қазақстанда азық-түлік импорты 6,2 пайызға төмендеді - АШМ
«Ел тәуелсіздігін алғаннан бері өткен жылы азық-түлік импортының төмендегені аяқталды. Жалпы, азық-түлік импортының көлемі 6,2 пайызға төмендеді, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорт көлемі 10 пайызға төмендеді. Импортты алмастырудың келесі оң жағдайлары анықталды; сиыр етінің импорты 42,3 пайызға, жұмысртқа – 3 есеге, картоп – 2 есеге, қияр – 4,8 есеге төмендеген», - деді А.Мамытбеков.
Оның айтуынша, отандық тауарлардың экспорты өсуде.
«Біз бірінші рет осындай экспорт көлеміне шықтық. Өткен жылы 12 мың тонна ет пен ет өнімдері болса, оның 7 тонна сиыр еті экспортқа сатылды. Ет өңдеу өнімдерінің экспорты өсуде. Шұжық және консерв өнімдері жыл ішінде 9 және екі есеге сәйкесінше өсті. 6 пайызға дейін сүт өнімі, 1,6 есеге қышқыл сүт өнімінің экспорты өсті», - деді ол.
Бұл көрсеткіш осы жылы да сақталды. «2015 жылдың 2 айында 620 тонна құс еті экспортталды. Өткен жылы ол 141 тоннаны құраған болатын. Ірімшік пен сүзбенің экспорты 316 тоннаны құрады», - деді ол.
Көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіштер 2013 жылы қабылданған «Агробизнес-2020» бағдарламасы жүзеге асырып отырған қорытындының оң нәтижесін көрсетеді.
Анар Тәңірқұлова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді