- Басты
- Жаңалықтар
- Жастар велошеруге қатысу арқылы алапат соғыста Ұлы Жеңіске жеткен аталар мен әкелер рухына тағзым етеді – А.Есімов
Жастар велошеруге қатысу арқылы алапат соғыста Ұлы Жеңіске жеткен аталар мен әкелер рухына тағзым етеді – А.Есімов
Аталған спорттық шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, велоқоғамдастық өкілдері, оқу орындарының студенттері, велошеруге қызыққан барлық қалалықтар қатысты.
Қала әкімі Ахметжан Есімов пен УЕФА-ның екі дүркін иегерлері, «Қайрат» Алматы футзалының ойыншылары мәреге жеткен жеңімпаздарға бағалы және ескерткіш сыйлықтарды табыс етті.
«Жеңіс күніне арналған велошеруге қатысқан велоспорт әуесқойларының саны көп. Өздерінің осы істері арқылы жастар аға ұрпаққа - алапат соғыста Ұлы Жеңіске жеткен аталар мен әкелер рухына тағзым етеді. Бүгін біздің қатарымызда европалық футбол аренасының жеңімпаздары да бар, олар Президент сайлауы күні атақты Барселона сынды қарсыластарын финалдық матчта тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Жеңістен соң команда Алматыға УЕФА-ның нағыз кубогін әкелді», - деді Ахметжан Есімов.
Ақапарат бойынша, велошеруге үш мыңнан астам адам қатысты, статистикалық мәлімет көрсеткеніндей, жарысқа қатысушылар қатары күн санап өсіп келеді. Жарыс соңында «Қайрат» АФК ойыншыларының қолтаңбасы бар футбол доптары мен мойынорағыштар ойналды. Сонымен қатар, «Студентік көктем - 2015» байқауының жүлдегерлері марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогиалық университеті мен Қазақ Ұлттық техникалық университетінің командалары жалпы командалық сайыста бірінші, ал Абай атындағы ҚазПУ командасы екінші, Қазақ аграрлық университетінің командасы үшінші орынды иеленді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері