- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: LRT-ны енгізу Астананың жаңа көлік жүйесінің негізін қалаушы элемент болады
Ә. Жақсыбеков: LRT-ны енгізу Астананың жаңа көлік жүйесінің негізін қалаушы элемент болады
Келісімге қол қоюға Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан қатысты. Қытай тарапынан ҚХР Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй, «Beijing State-Owned Assets Management Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Ли Айцзин және «China Railway International Group Limited» компаниясының бас директоры Чжэн Шипинь қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі.
Келісімде тараптардың LRT жеңіл рельсті көлік жүйесін одан әрі бірігіп салу жөніндегі бірқатар мәселелердегі келісімі қарастырылған.
Әділбек Жақсыбековтың атап өтуінше, жеңіл рельсті көлікті енгізу жас астананың жаңа көлік жүйесінің негізгі элементі болады. «Бұл жоба тек Астана үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды. Шектеулі келісімге қол қою жобаны жүзеге асыра бастауға және күшімізді біріктіре отырып, оны Астанаға сәтті енгізуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Әкім ҚХР Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісіне барлық кездесулер мен келіссөздерді ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Еске сала кетейік, елордадағы LRT Жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен іске асырылуда.
LRT жеңіл рельсті көлігі жолдан тыс қана емес, көше-жол жүйесінде де пайдаланылады, басқа көлік түрлеріне қарағанда жоғары тасымал қабілеті бар, экологиялық тазалығы мен заманауи дизайнымен және тартымдылығымен, жоғары деңгейлі жайлылықпен және қауіпсіздігімен ерекшеленеді. LRT жүйесін салу елорданың имиджін көтеруге, қала тұрғындары мен қонақтарын қажетті мобильділікпен, жайлылықпен және қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жол жүру уақытын қысқартуға көмектеседі. Астана Халықаралық әуежайынан жаңа т/ж вокзалына дейін 22,4 шақырымға созылатын жүйе 18 станция, 1 депо, техникалық жылдамдығы 40 км/сағ, жолаушылар легі тәулігіне 83 мың адамды құрайтын 19 қозғалыс құрамын қамтиды. Сондай-ақ, тіршілікпен қамту және басқару жүйелерінің толық кешені қарастырылған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды