- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің 128 қызметкері Отан қорғаушылар күніне орай наградаларға ие болды
ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің 128 қызметкері Отан қорғаушылар күніне орай наградаларға ие болды
«Осы мерекелі күндері біз отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін, сондай-ақ еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға жанқиярлық еңбектерімен үлестерін қосып жүрген Комитеттің қызметкерлерін құрмет тұтамыз. ТЖ комитетінің құтқару күштері: өртке қарсы, жедел-құтқару, авиациялық, суда құтқару, медициналық қызметтерін біріктіретін 20 мыңнан астам корпусы күн сайын азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», -деп атап өтті ТЖ Комитеті төрағасының орынбасары Серік Әубәкіров.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту және жетілдіруге үлесін қосқаны үшін және Қазақстан халқының бірлігі күнін, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Комитеттің 128 қызметкері ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Бұл күні Комитет қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің мерекелік концертке баруын ұйымдастырды. 16 соғыс ардагерін «Қазақстан» орталық концерт залына шығарып салды.
Уақыт өте келе Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері ұмытылып қоймайды, Жеңістің ұлы жетістіктері ретінде бағаланады, ерлік пен батылдықтың үлгісі болады.Бүгінгі күнде Ұлы Отан соғысының 153 ардагері азаматтық қорғау органдарының ардагерлері болып табылады, оның ішінде 26-ы жауынгерлік іс-қимыл қатысушысы және 127-і тыл еңбеккерлері.
Ұлы отан соғысының 26 қатысушысы жауынгерлік жолды ғана өтіп қана қоймай, соғыстан кейінгі ауыртпашылықты да көріп, өз өмірлерін азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметке арнады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары