- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында мәдениет нысандарының құрылысына 3 млрд теңге бөлінді
Қызылорда облысында мәдениет нысандарының құрылысына 3 млрд теңге бөлінді
Шараға ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Облыс әкімі Қ.Көшербаев барша ауыл тұрғындарын Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, жаңадан іске қосылған мәдени ошақтың жұмысымен танысты.
«Жаңа ауылдық клубтың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында біздің елімізде мәдениет саласын дамытуға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Соның ішінде ауылдың мәдениетін көтеру, көркейту – басты міндеттің бірі», - деді аймақ басшысы.
Шара барысында аймақ басшысы ҰОС ардагерлері Б.Дүйсенов пен В.Кривенкоға «Жеңістің 70 жылдығы» медалін табыс етті.
Екі қабаттан тұратын ғимарат заманауи талапқа сай салынған. Клубта мыңнан астам қоры бар кітапхана және сурет, музыкалық білім беретін үйірмелер жұмыс жасайтын болады.
Айта кетйік, биыл облыс бойынша 8 мәдени нысанның құрылысына мемлекеттік қазынадан 3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 7 ауылдық клуб және мұражай мен кітапхана құрылысы да бар. Жыл соңына дейін облыс бойынша осындай замануи мәдени нысанның тағы 6-ауы пайдалануға берілетін болады.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді