- Басты
- Жаңалықтар
- АзТМЭӘК штаб-пәтерінде Жеңістің 70 жылдығын атап өтті
АзТМЭӘК штаб-пәтерінде Жеңістің 70 жылдығын атап өтті
Іс-шараға дипломатиялық корпус, Азия мен Тынық мұхиты елдері, халықаралық және аймақтық ұйымдардың жоғары өкілдері қатысты.
Рәсімді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар ашты. Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі – ҚР-дың АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты өкілі Марат Есенбаев және Ресей Федерациясының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі – РФ-тің АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты өкілі Кирилл Барский құттықтау сөздерін сөйледі.
Қазақстандық дипломат дүниежүзі тарихындағы фашизм бұғауынан азат еткен Жеңістің 70 жылдық мерейтойы мен БҰҰ сияқты бірегей және баламасыз ұйымның құрылуы маңыздылығын атап өтті. Жартысынан көбі шайқас майданынан оралмаған 1 миллион 200 мың қазақстандықтардың ұлы үлесі атап өтілді.
Елші М. Есенбаев жинал жамағатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бүкіл елде Екінші Дүниежүзі соғысы ардагерлерін қолдау мен құттықтау Жалпы ұлттық акциясы өтіп жатқаны туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол ардагерлерге ерлік көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, жауынгер-жеңімпаздар туралы тарихи зердені құнттап сақтауға шақырды.
Іс-шара барысында Жеңіс күніне арналған фотокөрмесі өтіп, би және музыкалық ұжымдар өнер көрсетті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді