- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы әскери шеру өткен жылдардағы парадтарға қарағанда ауқымдысы болды(ФОТО)
Астанадағы әскери шеру өткен жылдардағы парадтарға қарағанда ауқымдысы болды(ФОТО)
Оған еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен әскери техника санының рекордтық мөлшері тартылған. Атап айтқанда, парадқа 5 000-ға жуық әскери қызметші, 200 бірлік шамасында қару-жарақ пен әскери техника, әскери авиацияның 70 ұшағы мен тікұшағы қатысты. Қазіргі заманғы ҚР Қарулы Күштерімен қатар Ұлы Отан соғысы уақытындағы армия мен қару-жарақ түрлері көрсетілді.
Елбасы барлық ардагерлер мен еліміздің тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен және алдағы Ұлы Жеңістің 70-жылдығымен құттықтады
«Екі мерекенің қатар келуінің символдық мәні бар. Бұл Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздар мен Отан қорғаушыларымыздың бүгінгі буынының әскери дәстүрлерінің сабақтастығын білдіреді. Майдандағы әскери ерлік пен тылдағы қажырлы еңбек Жеңістің басты негізіне айналды. Біздің халқымыз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске өшпес үлес қосты. Соғысқа аттанған 1 миллион 200 мың жерлесіміздің жартысы шайқас алаңында қаза тапты. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыс жылдары бүкіл халқымыз тылдағы еңбекке жұмылды. Жауға атылған 10 оқтың тоғызы біздің елімізде жасалды. Әкелеріміздің ерлігі мен аналарымыздың еңбегі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Біздің жеңістеріміздің тарихы – патриотизм мен ел бірлігінің нағыз үлгісі», – деді Қазақстан Президенті.
Парад барысында жаяу әскерлер мен әскери техника шеруі өтті. Авиа-шоу ерекше маңызға ие болды. Әскери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберліктерін көрсетті, сондай-ақ әуеде Ұлы Жеңістің мерейтойын білдіретін «70» санын жазды.
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі -
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Қазақстан полициясындағы реформалар: өткені мен бүгіні -
Президенттік жастар кадрлық резерві. Конкурстан өткен жас мамандар қайда қызмет етіп жүр -
Мәжіліс депутаты: Індет әрбір отбасын айналып өткен жоқ -
Қазақстанда өткен тәулікте 1604 адам коронавирус жұқтырды