- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті: Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловқа арналған ескерткiш – ол барлық қазақстандық ҰОС жауынгерлеріне көрсетілген құрмет
ҚР Президенті: Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловқа арналған ескерткiш – ол барлық қазақстандық ҰОС жауынгерлеріне көрсетілген құрмет
Салнататты шараны ашу барысында, Елбасы барлық ардагерлер мен еліміздің тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 70-жылдығымен құттықтады.
«Бұл ескерткiш Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловқа ғана емес, бұл фашизмге қарсы соғысып, жер құшқан және елге оралып, Қазақстанның дамуына үлес қосқан барлық қазақстандықтарға берiлген құрмет», - деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев еске салып өткендей, Генерал-майор И.Панфиловтың басқаруындағы 316-шы дивизия Алматы облысында құрылған.
«Бұл дивизияның 28 панфиловшылары соғыстың ең қиын сәтiнде Мәскеу маңындағы шайқасқа қатысқанын жақсы бiлесiздер. Құрамында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы бар 28 панфиловшылар Мәскеуге басып кiрмек болған фашистiк Германияның танктiк шабуылына қарсы тұрды. Сондықтан Панфиловтың есiмi Ұлы Отан соғысы кезiнде есте қалды және бiздер, қазақстандықтар есте сақтаймыз, құрметтеймiз», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті, бүгінгі басты құттықтаулар мен үндеулер соғыс ардагерлеріне арналған, деп атап өтті.
«Мемлекет қолынан келгенше сiздерге көмек көрсетіп, қолдап жатыр. Мен әрбiрiңiздi құттықтауға тырыстым және қазiр, ертең, әрдайым сiздерге құрмет көрсететiн боламыз. Өйткенi сiздер бұған лайықсыздар», - дедi Н.Назарбаев.
Айта кетерлік жайт, Кеңес Одағыны батыры, генерал-майор Иван Панфилов ескерткiшiнiң авторы – мүсiншi Ренат Әбенов. Биiктiгi 2,5 метрдi құрайтын ескерткiш қоладан құйылған. Ескерткiштiң ортасында гүл шоқтарын қоюға арналған тақта орнатылған. Шығыс бетiндегi гранит тақтада Мәскеудi қорғау кезiнде қаза тапқан 28 жауынгер-панфиловшының аты-жөнi, туған және өмiрден өткен жылдары жазылған. Сонымен қатар, Кеңес Одағы батырының Алтын Жұлдызы медалi бекiтілген 28 стелла жасалды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары