Қызылордада Отан қорғаушылар күні аталып өтуде (ФОТО)

7 Мамыр, 2015 15:31
Қызылордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Отан қорғаушылардың барлығын мерейлі мерекесімен облыс әкімі, Аймақтық қорғаныс кеңесінің төрағасы Қырымбек Көшербаев құттықтады.

«ҚР Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы «Бізде тек бір ғана отан бар – ол тәуелсіз Қазақстан. Ал, оны қорғау біздің міндетіміз ғана емес, сонымен қатар абырой. Азаматтарымыздың саны азаймасын деп тілеймін, отанымыздың тыныштығын қорғау менің қасиетті борышым деп есептеймін», - деді ол.

Бірқатар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері мынадай мемлекеттік наградаларды иеленді: «Құрмет» ордені, «Ерең еңбегі үшін» медалі мен Құрмет грамотасы.

Содан кейін, мерекенің батырларының құрметіне салтанатты концерт өтті, онда әскери жылдардағы әндер шырқалды.

Дәл осы күні орталық алаңда әскери оқулар өтті, онда «Арлан» жауынгерлері, шекарашылар мен өзгеде әскери құрылымның қызметкерлері өз біліктіліктерін паш етті. 

Барлық жаңалықтар