• Главная
  • Мемлекетімізге бізге деген қамқорлығы үшін рахмет – ҰОС ардагері
7 мая, 2015 12:23

Мемлекетімізге бізге деген қамқорлығы үшін рахмет – ҰОС ардагері

Үкіметіміз бен Президентімізге бізге деген қамқорлығы үшін рахмет, деп ағынан жарылды ҰОС ардагері Василий Шкуренко. Айта кетерлік жайт, ардагер Астанадағы әскери шеруге Қызылорда облысынан келген.
Мемлекетімізге бізге деген қамқорлығы үшін рахмет – ҰОС ардагері

Василий Федотович майданға Шиелі әскери комиссариатынан 1944 жылы жіберілген. Әскери өнерді ол Чкалов қаласындағы Жоғары штурман училищесінде меңгерді.

«Бұған таңқалудың қажеті жоқ. Ол сол кездегі өмірдің өзі болатын. Өтінішім бойынша мені 17 жасымда әскерге шақырды. Әскерге келген соң оқуға жіберді, авиациялық механиктер училищесінде білім алдым», - деді ардагер.

В.Шкуренконың айтуынша, Германиямен соғыс аяқталған соң әскери мектептер мен училищелер қысқартылды.

«Әскерге қызмет көрсеткендер қысқаруға мәжбүр болды, кейбіреулері тіптен жабылып қалды. 1945 жылы шілде айында мені шығысқа, Хабаровск облысына жіберді. Онда шекара маңында жапониялық басқыншылар қалып қойған етін»,- деп әңгімеледі ардагер.

Василий Шкуренко соғыс жылдары батыл ұшқыштарды байланыспен қамтамасыз етіп отырды.

«Бастапқы кезде дайындық жүрді. Біз әуе, жер және тұрақты байланыс желілерін жасақтадық, яғни Жапониямен соғысқа дайындалдық. Байланыс соғыс үшін керек болатын және біз оны жасадық. Бір айдың ішінде жауымызды қырып жібердік, ал ол бізге төрт жыл бойы қыр көрсетіп келген еді. Біз жауды шығысты қорғау үшін жоюға мәжбүр болдық», - деп бөлісті батыр.

Екінші Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Василий Федотович 1951 жылға дейін Түркістан әскери округының штабында борышын өтеді, кейін өзінің туған жері Шиеліге қайта оралады.

«Әскерде 7 жыл болдым. 1951 қайта оралдым, ал 1952 жылы оқуға түстім. Орман шаруашылығы бөлімін тәмәмдадым. Аталмыш салада 31 жыл жұмыс істедім.  Орманшының көмекшісінен бастадым, сөйтіп бас инженерге дейін көтерілдім, сосын 17 жыл директор болып жұмыс істедім. Жұмыс өте қызықты болатын»,- деп толықтырды ол.

Ардагер жұбайы Варвара Сергеевнамен үш баланы тәрбиелеп өсірді.

«Өміріміз жарқын сәттерге толы болды. Рас, өте қиын болды, бірақ бақытты сәттерде жоқ емес еді. Халқымыздың ауызбіршілігі қашанда берік болатын. Бір-бірімізге көмектесе отырып, осы күнге жеттік. Бастысы жан дүниеміз бақытты болды. Үкіметіміз бен Президентімізге бізге деген қамқорлығы, бізді әрқашан жадыларыңыздан шығармағандарыңыз  үшін рахмет»,-  деді В.Шкуренко.

Анара Тәңірқұлова