- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
«Қымбатты отандастар! Құрметті сардарлар мен сарбаздар! Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы баршамызға құтты болсын!», деді сөз басында Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы осыдан 23 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғанын, бүгінде ол кәсіби сарбаздар мен заманауи жарақтардан тұратын айбынды армияға айналғанын жеткізді.
«Біздің әскеріміз ұлан-ғайыр даламыздың әрбір қадам жерін қапысыз қорғауға қабілетті. Біз бабаларымыздың ерлік жолын қастерлеп, елдік жолын жақтаған ұрпақпыз. Қанымызға сіңген қастерлі борышты антына адал ерлеріміз қазір де абыроймен атқаруда. Ер азамат үшін туған жердің тұтастығын, туған елдің тыныштығын күзетуден асқан абырой болмаса керек! Сіздердің қызметтеріңіз ел Тәуелсіздігінің және халқымыздың болашақ сенімінің кепілі», - деді ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.
Естеріңізге сала кетейік, елордалық «Қазақ Елі» басты алаңында Елбасының қатысуымен әскери шеру өтуде. Ауқымды шеруге 5000-нан астам әскери қызметші, саны 220-ға жуық қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника, 70 бірлік заманауи авиациялық техника қатыстырылған.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді