- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде Жеңістің 70 жылдығына орай өтіп жатқан фотокөрмеге 170-тен астам сурет қойылды
Ақтөбеде Жеңістің 70 жылдығына орай өтіп жатқан фотокөрмеге 170-тен астам сурет қойылды
Облыстық өнер музейінен ашылған «Есімізде! Мақтанамыз!» атты фотокөрме-байқауын облыстық мәдениет басқармасы мен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінің ұжымы ұйымдастырды.
Онда ардагерлер мен соғыс жылдарындағы кезеңдерден 170-тен астам суреттер қойылған. Олардың авторлары еліміздің 8 облысы, Ақтөбе қаласы мен облыстағы аудандардан келген 50-ден астам әуесқой және кәсіби суретшілер.
«Суреттердің әрқайсысы – соғысты көрген азаматтардың тарихы мен тағдырлары. Сондай-ақ суреттер Ұлы Жеңіс пен тәуелсіздікке дейінгі аралықтағы өмірді жалғап жатыр десе болады»,-деді музей директоры Елена Қалтаева.
Көрменің ашылуына соғыс ардагерлері мен тыл еңбекерлері шақырылды. Оларды мерекелерімен облыстық мәдениет басқармасының бастығы Назира Табылдинова құттықтады. Ал Әлия Молдағұлованың музейі мерекенің алдында құнды жәдігермен толықты. Соғыс ардагері, Әлия Молдағұлованың туысқан нағашы ағасы Бейсенбай Хабиевтың қызы Ария Хабиева, музейге Әлияның әкесі майданнан киіп келген күртені сыйға тартты.
Көрменің ашылу салтанатында оның жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Тағы бірқатарына алғыс хаттар табыс етілді. Фотокөрме маусым айының ортасына дейін жалғасады. Көрме аяқталған соң оған қойылған барлық суреттер Әлия Молдағұлованың музей қорын толықтырады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді