Шығыс Қазақстанда «Іскер әйелдер кеңесі» құрылды (ФОТО)

8 Мамыр, 2015 09:12
ШҚО-да кәсіпкер әйелдер өз күштерін біріктіріп, облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Іскер әйелдер кеңесін» құрды, деп Ақпарттық орталықтан хабарлады.

«Бұл мінезі жағынан күшті ер азаматтармен бірге теңдей дәрежеде бизнесте қалуға мүмкіндік береді», - ағынан жарылды бизнес-ханымы Елена Березинская облыстық Кәсіпкерлер палатасындағы отырыста.

«Іскер әйелдер кеңесі» олардың іскерлік саладағы белсенділігі мен шоғырлануын арттыру мақсатында құрылған. Ұйымның құрамына облыстың аудандық кеңестері мен аймақтың іскер әйелдері кірді.  

«Қазақстанда ШОБ дамыту үшін көптеген тиімді құралдар жасақталуда және ол бірінші жыл емес. Ал, жаңадан бастап келе жатқан бизнес-ханымдарда өте қызықты, болашағы зор жобалар бар. Олар кей кездері іскерлік тәжірибе аз болғандықтан жүзеге асырыла бермейді. Сондықтанда біз Бір-бірімізге көмектесетін боламыз», - деп атап өтті кеңес төрағасы болып сайланған Е.Березинская.

Барлық жаңалықтар