• Басты
  • Жаңалықтар
  • Англиядан келген инвесторлар Ақмола облысында мал шаруашылығы кешенін салмақшы

Англиядан келген инвесторлар Ақмола облысында мал шаруашылығы кешенін салмақшы

8 Мамыр, 2015 16:21
Англиялық инвесторлар Ақмола облысының Астрахан ауданы Жалтыр селосында 240 мың бас малға арналған шошқа кешенінің құрылысын салуға ниет білдіруде. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Сергей Кулагиннің «АПК BavariaProduct» ЖШС ағылшын инвестициялық компаниясының өкілі жоба басшысы Вильям Вебстермен кездесу барысында белгілі болды.

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, жоба бойынша ет комбинаты, 4 фермадан тұратын шошқа кешені мен жем-шөп зауытын қарастырған.

Жоба пайдалануға берілген жағдайда 370 тұрақты жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді, ал ондағы жұмыс істеуші персонал Германия, Англия және Голландияның кәсіпорындарында білмдерін жетілдіретін болады.

«Ет комбинаты жылына 240 000 мың бас малға есептелінген және жылына 21 мың тонна дайын өнім өндіреді деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі өз кезегінде аймақ әрқашан барлық инвесторлар үшін ашық екенін жеткізіп, осы ұсыныс жан-жақты қаралатындығын айтты. 

Барлық жаңалықтар