- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Халықаралық инженерлік академиясының Алмас белгісімен марапатталды
Н. Назарбаев Халықаралық инженерлік академиясының Алмас белгісімен марапатталды
Халықаралық инженерлік академиясының президенті Борис Гусев құрметті белгісін тапсыра тұра, Нұрсұлтан Назарбаевты жақында өткен президент сайлауында үздік жеңіспен құттықтады және Елбасының кеңес одағынан кейінгі кеңістігінде инженерлік ғылымды дамытудағы маңызы зор деп мәлімдеді.
Академияда құрылған Алмас белгісі инженерлік қызметтегі қоғамдық құрметтеудің және кәсіби озаттықтың ең жоғарғы нысаны болып табылады. Тәртіп бойынша ғалымдар, инженерлер, өндіріс саласының өкілдері, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қызметтегі ерекше жетістіктер үшін аталмыш белгімен марапатталады.
Академияның наградасын Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Марат Тәжин қабыл алды. Елшінің айтуынша, бұл марапат – Елбасының кеңес одағынан кейінгі кеңістігінде маңызды ғылыми және инженерлік жобалардың дамуына қосқан едәуір үлесінің нақты көрсеткіші.
Қазіргі кезде Халықарлық инженерлік академия қызметінің маңызы ерекше зор, себебі ағымдағы еуразиялық экономикалық интеграция үдерісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттері инженерлік мектептерінің тығыс байланысын, инженерлік кадрларды сапалы даярлауын және ірі инфрақұрылымдық және салааралық жобаларын іске асыруын талап етуде, - деді М.Тәжин.
Атап өткендей, Халықаралық инженерлік академиясы (ХИА) Кеңес Одағының Инженерлік академиясының құқықтық мирасқоры болып саналады. ХИА-ға бірқатар шет елдік ұлттық инженерлік академиялар кіреді. Қазіргі таңда ХИА-ға 40 елдің 1300 өкілдері мүшелік етуде, олардың қатарында – шет елдердің президенттері, үкімет басшылары, атақты ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ірі өнеркәсіптік және ғылыми құрылымдарының басшылары бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады