- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары» бейнеантологиясының тұсау кесері өтті
Астанада «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары» бейнеантологиясының тұсау кесері өтті
«Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары» жобасының мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық қаһармандардың ерлігін мәңгі есте қалдыру, сондай-ақ, тарих беттерінде жазылып қалған бабаларымыздың батырлығы мен біздің отандастарымыздың бүгінгі ұрпақтың бейбіт келешегі үшін қосқан өлшеусіз үлесін жас буынға үлгі етіп көрсету, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
«Екінші дүниежүзілік соғыстың майдангер-ардагерлері таныстырылымның құрметті қонақтары болды. Олардың қатарында – Батыс майданында шайқасқан, Отан соғысының І дәрежелі орденімен, «Георгий Жуков», «Даңқ», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Совет Одағын қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған, Жоғары бас қолбасшыдан 4 рет алғыс алған Әлім Альфитинович Әбенов та бар. Сондай-ақ, Курск доғасының қатысушысы, «Қызыл жұлдыз», 2 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, мерекелік және басқа да медальдармен марапатталған Раиса Самуиловна Максименко да тұсакесер рәсімінің қатысушысы болды», - делінген хабарламада.
Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, бейнеантологияның «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының шеңберінде жасалғанын атап өтті.
«Ұлы Жеңіс елімізге оңайлықпен келген жоқ. Әлемді шарпыған алапат соғыста қазақстандықтар алдыңғы шептен табылды. Ал тылда еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін аянбай еңбек етті. Халқымыздың ерен еңбегі мен тастүйін бірлігінің арқасында біз Ұлы Жеңіске жеттік.
Партия қолға алған бұл шараның басты мақсаты - тарихи сабақтастықты жалғастырып, бүгінгі ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, бірлік пен ынтымақты көздің қарашығындай сақтауға, туған тарихты қастерлеуге, ерлікке тағзым етуге үндеу. Осы арқылы ертеңгі Мәңгілік Елдің рухы биік азаматтарын тәрбиелеу», - деді Б.Байбек.
Бейнеантология ұзақтығы 8-10 минуттық қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаметражды 70 деректі фильмнен тұрады. Олардың іске қосылуы 6 мамырдан «Астана» телеарнасы мен Kaharman.kz сайтында бастау алады.
Аталып өткендей, Жобаның бірегейлігі барлық қазақстандық-қаһармандардың тарихының бір циклға топтастырылуында болып табылады. Майдандағы ерліктер туралы ақпараттармен қатар роликтерде қаһармандардың соғысқа дейінгі/ соғыстан кейінгі өмірлері туралы қызықты деректер бар. Тап осындай жоба Қазақстан тарихында тұңғыш рет іске асырылуда. Мысалы, «Соғыстың түрі әйел келбетіндей емес» («У войны не женское лицо») деп аталатын фильмдердің бірі қазақ халқының даңқты қыздары – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспановалар жайлы әңгімелейді. Көрермендер Мәншүктің шын атының Мәнсия, майданның алғашқы күндерінде оның хатшылық қызметті атқарғанын, Әлия Молдағұлованың блокадалық Ленинградтан өткенін, ал, Хиуаз Доспанованың үздік бомбылаушы-штурман болғанын және 2004 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен оған «Халық Қаһарманы» атағының берілгенін білетін болады.
Жобаны іске асыру үшін сценаристердің, режиссерлардың кәсіби тобы, тарихшы-кеңесшілер тартылды. Сондай-ақ, бейнеантологиядан тұңғыш рет Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ орындаушыларының музыкалық шығармаларын тыңдай аласыздар. Эпизодтарда мұрағаттық бейне кадрларымен 2D және 3D графикасының визуалдық әсері болады.
Бейнероликтер антологиясымен жұмыс істеу үшін «Нұр Отан» партиясы жинаған материалдар пайдаланылды: құжаттар, қаһармандардың хаттары, марапаттау қағаздары; кинохроникадан алынған кадрлар мен мұрағаттық суреттер; энциклопедиялар, тарихи әдебиет, мерзімді басылымдар және басқалары.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті