- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңгі есімізде» акциясын қорытындылады (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңгі есімізде» акциясын қорытындылады (ФОТО)
Елімізде өткізген «Мәңгі есімізде» акциясы бірегейлігімен ерекшеленеді. Бұл іс-шара қазақстандық бірнеше буынның, қазіргі әскери қызметшілер мен олардың батыр туыстарының басын қосып, сұрапыл соғыстағы жаңа батырлар есімін, олар жасаған қайталанбас тарихи тағдырларынбілуге мүмкіндік берді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.
«Бүгін біз ерекше оқиғаға орай Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушы күні қарсаңында қасиетті жерге – Мәңгілік алауға жиналдық. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс бізге сансыз қайғы-қасірет пен құрбандықтың құнымен келді. Біз құрбан болғандар туралы естелікті қастерлейміз. Сіздерді Ұлы Жеңіс күні және Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін «Мәңгі есімізде» атты акцияның аясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арнап жеңіл атлетикадан жүгіру өткізеді. Бұл біздің батырларымыздың мәңгі өшпейтін даңқына құрмет көрсету», - деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев.
Қарулы Күштерде қаңтар айынан басталған «Мәңгі есімізде» акциясы бірнеше ай ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі мыңнан аса әскери қызметшілерді біріктірді. Осы орайда акцияға қатысушылар өздерінің отбасылық мұрағаттарынан суреттер жіберіп, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында шайқасқан туыстары мен таныстары туралы ерекше тарих жөнінде әңгімелеп берді. Аталған баннерді жасауға қатысушылардан барынша қызықты 130 сурет іріктеліп алынды.
Салтанатты рәсімнен кейін 450-ден аса әскери қызметші жақын қалған айтулы күннің құрметіне Бауыржан Момышұлы ескерткішіне дейін үш шақырым жерге жүгірді
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі