- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс: Ұлттық комиссия бес институционалды реформаның жүзеге асуын басқарады
Мәжіліс: Ұлттық комиссия бес институционалды реформаның жүзеге асуын басқарады
«Ұлықтау рәсімі өткеннен кейін Елбасының Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрғанын сөз еткен Мәжіліс Төрағасы оның негізгі мақсаты – Президент белгілеген бес институционалдық реформаның кезең-кезеңмен орындалуын басқару және мемлекеттік органдар, бизнес-сектор, азаматтық қоғам іс-қимылдарын үйлестіру екенін жеткізді. Қабиболла Жақыпов: -Комиссия өз ұсыныстарын дайындап енгізу керек», - делінген хабарламада.
Оларды Мемлекет Басшысы мақұлдаған соң Парламентке елімізді жаңғырту жөніндегі барлық шаралар кешенін жедел заңнамалық қамтамасыз ету жүктеледі. Мәжілістің қарауына бір бума заңнамалық актілер енгізіледі деп күтілуде. Елбасы жария еткендей,
«Енді Ұлы реформаларды бастай отырып, біз Мәңгілік Елге жол саламыз».-деді өз сөзінде.
Спикер Президенттің депутаттық корпусқа деген ұдайы ықыласы мен сенімін ақтап, жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқару керектігін баса атап өтті. Жалпы отырыста халық қалаулылары Азаматтық процестік кодексінің жобасын, ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда мақұлдады
. Кодекс жобасы азаматтық процестік заңнаманың жеделдігін арттыру, сот ісін жүргізуде бітістіру рәсімдерін белсенді қолдану үшін оны жаңғырту арқылы жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сотта тиімді қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ соттардың қызметіне ақпараттық техникалық құралдарды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ал, ілеспелі құжатта «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу көзделеді, өйткені Кодекс жобасында адвокаттардың қатысуымен татуласудың жаңа тәсілі – «партисипативтік рәсім» енгізіліп отыр, ол дауға қатысушыларға адвокаттардың тікелей белсенді түрде атсалысуы арқылы келіссөздер жүргізу мүмкіндігін береді. Осыған орай, заң жобасында дауды бейбіт жолмен реттеуге көмектесуді адвокатура міндеттерінің бірі ретінде белгілеу көзделеді.
Соған байланысты адвокаттар заң көмегін көрсете отырып татуластыру рәсімдерін де жүргізуге тиіс. Заң жобасы нотариустарға татуластыру рәсімдерін жүргізу құқығын береді. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті түзетулер енгізілген. Бұл ретте нотариаттық әрекеттерді жасаудың жаңа түрі – атқарушылық жазба енгізіліп отыр. Ұсынылып отырған норма азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың даусыз талаптар бойынша бұзылған құқықтарды сот органдарына бармай-ақ қалпына келтіруіне мүмкіндік береді.
Осы күні мәжілісмендер 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Келісім шеңберінде «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеу және сыйақы төлеу бойынша жеңілдетілген кезеңді тиісті өзгерістер енгізу арқылы 2019 жылға дейін ұзарту мақсаты көзделеді.
Сонымен қатар, осы күні, халық қалаулылары Түрікменстанмен Каспий теңізінің түбін бөлу, ТМД қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері инженерлік әскерлерінің гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ынтымақтастығы, Түрікменстанмен Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімдерді және АҚШ-пен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялауға қатысты, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге байланысты заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Жалпы отырыс соңы салтанатты шарамен жалғасты.
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Елбасының Жарлығына сәйкес, депутаттарға елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалін табыс етті.
Сондай-ақ, бірқатар мәжілісмендер ТМД қатысушы-мемлекеттер парламентаралық ассамблеясының «Еске алу Эстафетасы» акциясын ұйымдастырып, өткізуге белсене араласқаны үшін ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ТМД қатысушы-мемлекеттер халықтар арасында достықты нығайтуға қосқан үлесі, Парламентаралық Ассамблея мен оның органдары қызметіне белсене араласқаны үшін «Достық» орденіне ие болды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет