ҚР Президентін Польша Президенті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

6 Мамыр, 2015 19:33
Н.Назарбаевтың атына Польша Президенті Бронислав Коморовскийдің атынан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Б.Коморовский Н.Назарбаевты ҚР Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Қазақстан Орталық Азиядағы Польшаның негізгі серіктесі болып есептеледі. Біз сіздердің елдеріңіздің қуанышын қолпаштап, ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасатынына үміттенеміз», - делінген жеделхатта.

Польша Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлануы одан әрі екіжақты ынтымақтастықтың дамуы мен достық, серіктестік пен екіжақты қызығушылық қарым-қатынас пен дәстүрді нығайтатындығын айтты.

 

 

Барлық жаңалықтар