Қазақстанда дайын өнімнің экспортын қолдау үшін 50 млрд теңге бөлінді

6 Мамыр, 2015 18:50
Қазақстанда дайын өнімнің экспортын қолдау үшін осы жылы 35 млрд теңге, келер жылы 15 млрд теңге бөлінеді, деді ОКҚ брифингінде инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.

«Дайын өнім  қосымша кредиттік ресурсқа ие болады. 35 млрд теңге осы жылы келер жылы 15 млрд теңге дайын өнімнің экспортын дамытуға бөлінді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол «Нұрлы жол» аясында қазақстандық материалдан жол салынатынын айтты.

«Осы жылы жол құрылысы қазақстандық материалдан құралатын болады. Егер өткен жылы құрылысқа 300 мың тонна цемент болса, осы жылы 800 мың тонна жұмсауды жоспарлаудамыз», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар