Қазақстанда 2015 жылы 30 мыңға дейін көлік өндіру жоспарлануда - Рау

6 Мамыр, 2015 18:20
Қазақстанда 2015 жылы 30 мыңға дейін көлік өндіру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Бүгінде бізде 80 мың көлікті дәнекерлеу және бояу, сонымен қатар 60 мың көлікті құрастыру бойынша қуаттылығымыз бар. Ағымдағы жылы 20-дан 30 мыңға дейін көлік өндіруді жоспарлап отырмыз»,- деді  А.Рау.

Оның айтуынша, ағымдағы саланы дамыту үшін қомақты қаражат жұмсалды және отандық автоөндірістің даму белсенділігі жаман емес.

«Тиімділік оған салынған қаржы мен серпілістердің көлемімен өлшенеді. Бүгінгі таңда мемлекет автоөнеркәсіпті қолдауда. Бізден несие алуда, қолданыстағы коммерциялық ставкалар бойынша емес, соған қармастан Қазақстанның даму банкі немесе аталмыш банктің лизингі беріліп жатыр. Әзірге инфрақұрылымға салынған жоқ, бірақ біз алдағы уақытта Өскеменнің бәлкім Қостанайдың да инфрақұрылымына салуымыз мүмкін», - деп түйді ол.   

Анара Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар