• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаевтың сайлаудағы жеңісіне орай Халықаралық олимпиадалық комитет президентінен құттықтау келді

Н.Назарбаевтың сайлаудағы жеңісіне орай Халықаралық олимпиадалық комитет президентінен құттықтау келді

6 Мамыр, 2015 17:26
Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бах Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бах олимпиадалық қозғалыстың белді мүшесі болып саналатын Қазақстанмен серіктестіктің нығайып келе жатқанына сенімді екенін жеткізген.

«Сіз спорттың жұртты біріктірудегі маңызын жақсы түсінесіз. Мұның жақсы мысалы – Алматы қаласының 2020 жылғы Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге мықты тұжырымдамалар негіз етілген өтінім беруі. Бұл өтінім жақсы спорт инфрақұрылымына және Сіздің елдің қысқы спорт түрлеріне қатысты тәжірибесіне сүйенген», – делінген хатта.

 Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Мемлекет басшысының Қазақстанды орнықты дамытудағы қызметіне табыс тіледі. 

Сондай-ақ, Л.Занньер Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың сындарлы сипатына қанағаттанушылық білдірді.

«Мен Сіздің демократияландыру және елдегі азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі реформаларды ілгерілетудегі ісіңізге жәрдем ету үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенімізді айтқым келеді», – делінген хатта. 

 

Барлық жаңалықтар