2013 жылы ҚР-да вирустық гепатитке шалдығу 34,7 пайызға төмендеді

11 Қазан, 2013 17:33
Мемлекеттік сан-эпидемиологиялық қадағалаудың хабарлауынша, 9 ай ішінде Қазақстанда инфекциялық ауруға шалдығу көрсеткіші бірқалыпты сақталды, деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Халық арасында инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары нәтижесінде 2012 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 37-ге дейін қысқарған. Оның ішінде, 42,9 пайызы эпидемиялық паротит, 40,5 пайыз риккетсиоз, 34,7 пайыз вирусты гепатит бойынша тіркелді», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.

Оған қоса дизентерияға шалдығу 24,1 пайызға қысқарды, асқазан ауруына 15,0 пайыз, туберкулезге 8,9 пайызға шалдығу азайды.

Жалпы, оба, асқазан, сібір ойық жарасы, дифтерия, ауруына шалдыққандар тіркелмеді.

Барлық жаңалықтар