- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақ Елі» алаңында Н.Назарбаевтың қатысуымен әскери шеру өтуде
«Қазақ Елі» алаңында Н.Назарбаевтың қатысуымен әскери шеру өтуде
Ауқымды шеруге 5000-нан астам әскери қызметші, саны 220-ға жуық қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника, 70 бірлік заманауи авиациялық техника қатыстырылған.
Мұнда ҚР Қарулы Күштерінің қазіргі келбетімен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы армия және қару түрлері көрсетілуде. Олар Қызыл армия киім үлгісіндегі әскери қызметшілер, санитар-нұсқаушы қыздар, 27 бірлік техника мен қару-жарақ (танк Т-34, ЗиЛ-157, ЗИС-2 және М-30 гаубицалы зеңбірек, танымал БМ-13, РС-30 «Катюша» және «Максим» пулеметі).
Осы ретте, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері парадқа ерекше көрік береді. Парадқа қатысу үшін жалпы саны 186 қыз-келіншек іріктеліп алынды. Олардың ішінде 32 адам – ҰОС уақытындағы рота құрамында тарихи бөлімде, ал ҚР ҚК барлық әскер түрлері мен тектерінен 154 әскери қызметші – қазіргі заманғы бөліміне қатысады. Біріккен рота құрамы жеке жаяу лекпен, қазақстандық әскери оқу орындарының курсанттарының соңын ала адымдайтын болады.
Қорғаныс министрлігінің біріккен оркестрі мен авиа-шоудың парадтағы ерекше орнын атап өтуге болады. Әскери музыканттар кеңестік және қазақстандық сазгерлердің отызға жуық танымал әуендерін орындайды, ал ұшқыштар жеке және пилотаждық топ құрамында жоғарғы пилотаж кескіндемелерін жасай отырып өз шеберліктерін көрсетеді. Алдағы парад – ұрпақ болашағы үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен әке, ата-бабаларымызға деген құрмет, бұл бүгінгі елімізді қорғайтын қазақстандық армияның қуатын көрсету.
Айта кетерлік жайт, әскери шеруді Астананың бес алаңында тікелей эфирде көрсетуде. Олар қала әкімдігі алдындағы қалалық алаң, «Бәйтерек» монументі алдындағы алаң, «Қазақстан» спорт сарайы маңындағы Студенттер паркі, жаңа Оқушылар сарайы алаңындағы алаң мен Р.Қошқарбаев көшесі бойында.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
МКҚ: Салықтық әкiмшiлендipудi жеңiлдету, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету мәселелері -
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады»