- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін мерекелеуде
Қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін мерекелеуде
Мереке, Мемлекет басшысының қатысуымен, елорданың басты алаңы «Қазақ елі» алаңында өтетін үлкен әскеру шерумен басталады. Әскери парадқа 5 мың әскери қызметкер, 220 қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника, 70 бірлік қазіргі заманғы аиация техникасы қатысады. Қазақстандық ұшқыштар жалғыз және топтасып ұшу арқылы өздерінің шеберліктерін көрсетеді, олар көкте ұшақтармен қатарласып, Жеңістің 70 жылдығына арналған 70 санын түзеді деп күтілуде. Бұл осы мерекеге қатысушыларға арналған үлкен сый болмақ. Еліміздің әуе әскери күштерінің құрамы болып табылатын 70 авиациялық техника да өнер көрсетеді. Бұл майдангерлік, әскери-транспорттық, армия авиациясы.
Бұған қоса, парадта жаңа 4++ буындық ерекшебейімді Су-30СМ жойғыш ұшақтары да көрсетіледі, бұл техникалар ҚР Қарулы күштерінің тарихында алғаш рет еліміздің Әскери-әуе күштерін толықтырып отыр.
Парадта ерекше орын Қорғаныс министрлігінің қосарланған оркестрі мен авиа-шоуға беріледі. Әскери музыканттар көпшіліктің көңілінен шыққан 30-ға жуық қазақ және кеңестік композиторлардың шығармалары орындалады.
Айта кететін мәселе, 2015 жылдың 7-мамыры күні парадтың өтуіне байланысты «Қазақ елі» алаңына кіретін жол жабылады. Парадты тамашалау үшін республикалық телеарналар мен 5 Астана алаңында тікелей трансляция жүреді. Олар: қалалық әкімдік алдындағы алаң, «Бәйтерек» монументі жанындағы алаң, «Қазақстан» спорт алаңының жанында Студенттер саябағы және Р.Қошқарбаев көшесінің бойындағы Оқушылар сарайының маңы.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш мереке мемлекеттік мейрам ретінде осымен 4-ші жыл аталып өтуде. 2012 жылдың 4-қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға «Толықтырулар енгізу туралы» бап енгізу мәселесін қарап қабылдады. Аталмыш құжат талаптарына сәйкес, 7-мамыр мемлекеттік мереке болып белгіленді және осы күн демалыс күні болып табылады. Бұл күн Қазақстан Республикасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарулы күштер туралы Жарлыққа қол қойған күнімен сәйкес келеді.
Индира Кауметова
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp