• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында жол қозғалысын реттеу құрылғысына 175 миллион теңге бөлінді

Жамбыл облысында жол қозғалысын реттеу құрылғысына 175 миллион теңге бөлінді

6 Мамыр, 2015 19:13
Облыс орталығының автомагистральдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында техникалық құрылғыларды орнату, жолды жөндеу мен оны ұстап тұру үшін «Автотранссигнал-2 СМЭУ» ЖШС мердігерімен 175 миллион теңгеге келісім жасалды, деп хабарлайды Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы.

Қазіргі таңда Тараз қаласында 126 бағдаршам нысандары жұмыс істеуде, олардың жұмыстарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті техника мен материалдары бар төрт бригада күнде аймақты шолып шығады.

Бағдаршам нысандарын тексеру жұмыстары әсіресе жол оқиғаларынан кейін жиі жүргізіледі. Өткен мерзімде Қазыбек би – Қойгелді, Абай-Төле би,  Жамбыл-Төле би сияқты тағы бірнеше көшелерде бағдаршам нысандары қалпына келтірілді. Облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының мәліметтерінше, 467 жарыққайтарғыш жалпақ-металды жол белгілері орнатылды.   

Бұған қоса,  Жамбыл – Пушкин, Жамбыл – Ленин, Жамбыл – Комсомол, Қазыбек би – Байзақ батыр, Жамбыл – Сәтпаев, Байзақ батыр – Вокзал маңының алаңы, Жамбыл – Төле би, Жамбыл – Ниетқалиева көшелерінің бағдаршам нысандары жөнделді. Қойгелді  - Әйтике би, Байзақ батыр – Желтоқсан, Қойгелді – Қазыбек би, Жамбыл – Ниетқалиев бағдаршам нысандары қайта қалпына келтіріліп, 12221,6 шаршы метр аймақта бояумен жол жолақтары жүргізілді.

 

Барлық жаңалықтар