• Басты
  • ІІМ-де ішкі істер органдары ардагерлеріне сыйлық табысталды

ІІМ-де ішкі істер органдары ардагерлеріне сыйлық табысталды

6 Мамыр, 2015 18:58
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелері қарсаңында күні қызметтік борышын атқаруда қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскердегі әскери қызметшілерге арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті, деп хабарлады ҚР ІІМ.

Аталған іс-шараға Ішкі істер министрлігінің басшылығы, Қазақстанның ішкі істер органдарының және ішкі әскер ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков, ҚР Генералдар кеңес президиумының мүшесі милиция генерал-майоры Мұрат Қалматаев, ішкі істер және ішкі әскер органдарының зейнеткерлері  – Ұлы Отан соғысының ардагерлері тыл еңбеккерлері және оған теңестірілген тұлғалар қатысты.

Қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың рухын бір минуттық үнсіздікпен ұлықтады. Монументке гүл шоғырлары қойылған соң, ардагерлер мен шараға шақырылушылар алдында астаналық полиция горнизонының құрылымдары мен ҚР Ұлттық гвардиясы шеру жасап өтті.   

Салтанатты шеруден кейін ІІМ Клубында салтанатты жиын өтті. Жиын барысында Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап,  қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Орталық аппараттың және ІІО аумақтық бөліністерінің қызметкерлеріне наградалар тапсырды.

«Бүгінгі күні біз Отанымызды гитлершіл басқыншылардан қорғағандарға және халықтың бейбіт өмір сүріп, қажырлы еңбек етіп, болашағына сеніммен қарауы үшін қауіпсіздік пен тыныштықты күзеткен сақшыларымызға құрметпен бас иеміз. Отанымызға деген шексіз адалдық, табандылық пен қажыр-қайратымыз сұрапыл соғыста жеңіске жетуге жетеледі. Сондықтан да фашизмге қарсы соғысқан аға ұрпақ Жеңісінің ұлылығы жыл өткен сайын жарқырай түседі», деп атап өтті Рашид Жақыпов.

Іс-шараға келушілер ішкі істер органдарының музей қорларын пайдалана отырып, ІІМ Клубының фойесінде ұйымдастырылған «Жеңіс жолымен!» тақырыбында фотодеректі көрмені тамашалады.

Салтанатты шара ІІМ мәдени орталығының, ҚР Ұлттық гвардиясы ән-би ансамблінің мерекелік концертімен аяқталды.

 

Барлық жаңалықтар