• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Эфиопияда өтетін үшінші халықаралық қаржыландыруды дамыту конференциясына қатысады

Қазақстан Эфиопияда өтетін үшінші халықаралық қаржыландыруды дамыту конференциясына қатысады

6 Мамыр, 2015 15:56
Эфиопияның Аддис-Абебе қаласында 13-16 шілде аралығында өтетін Халықаралық қаржыландыруды дамыту конференциясының тарихи мәні бар, деді «G-GLOBAL» Халықаралық хатшылығының орынбасары, Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының Президенті Мұрат Қарымсақов.

«Халықаралық қаржыландыруды дамыту конференциясының дайындық жұмыстарына 2030 жылға дейін БҰҰ-ның бағдарламалық жоспарларын жүзеге асыру тәуелді. Себебі, 2030 жылға дейін даму бағдарламасының күн тәртібінде  17 маңызды міндет пен оған қарасты 169-дай  міндеттемелер бар. Олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін қаржы ресуртары болуы керек. Бірінші кезекте бұл сұрақ дамып келе жатқан мемлекеттер тарапынан қойылады. Егер бұған дейін өткізілген конференцияның нәтижесі туралы айтатын болсақ, олар БҰҰ-ның бағдарламалық міндеттемелеріне әсер етті»,- деді М. Қарымсақов.

Оның айтуынша, Аддис-Абебе  қаласында 13-16 шілде аралығында өтетін тарихи мәні бар халықаралық қаржыландыруды дамыту конференциясының  БҰҰ-ның дамыту бойынша қаржыландыру күн тәртібін барынша сапалы даярлауға мүмкіндігі бар.

«Егер тарих жағынан алатын болса, БҰҰ-ның «Мыңжылдықты дамыту мақсаттары» құжаты 2000 жылы қабылданған, ал оны қаржыландыру бойынша конференция 2 жылдан кейін бірақ өткізілді», - деп түйді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар