- Басты
- Жаңалықтар
- Біз бүкіл әлемді фашистік соғыстан қорғап қалған ерлердің ерлік істерін есте ұстауымыз керек – Ардагерлер кеңесі
Біз бүкіл әлемді фашистік соғыстан қорғап қалған ерлердің ерлік істерін есте ұстауымыз керек – Ардагерлер кеңесі
«Біздің облысымызда 104 мың 516 соғыс және еңбек ардагері тұрып жатты. 2015 жылдың 1-мамырына небәрі 212 соғысқа қатысқан азамат қана қалды. Ең жас ардагер 90 жаста. Президенттің назарының арқасында біздің ардагерлерге жақсы қамқорлық көрсетілуде. Біздің облысымыздың ардагерлері толық пәтермен қамтамасыз етілген. Жеңістің 70 жылдығының қарсаңында ардагерлерге барлық қажетті көмектер көрсетілді. Қазір ардагерлік ұйымдардың басты жұмыстары жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, олар елдің болашағы»,-деді Чапай Муталипов.
Оның сөзінше, облыстық ардагерлер кеңесі Жеңістің 70 жылдығына, естелік кітабын шығарды. «Бұл кітапқа соғыс уақытында әскерге шақырылған азаматтардың барлығы кірді. Біздің облысымыздан 90 мың адам шақырылған болатын, олардың жартысы майданнан оралмады. Бізге 69 соғыс ардагерінің аты-жөндерін табу үлкен еңбекті қажет етті. Біз барлығы 10 дана шығардық»,-деді кеңес төрағасы.
Чапай Муталиповтың өзі соғыс уақытында туылған. Оның әкесі мен екі бауыры әскерге шақырылып, әкесі 1944 жылдың 22 қаңтарында қаза тапқан. Қазіргі таңда ол Киев облысының бауырлас зиратына жерленген. «Үлкен ағам соғыстан оралды, бірақ 1976 жылы қайтыс болды. Кіші ағам болса, Брест қамалында қаза тапты»,-деді ол.
«Біз тарихты қадір тұтып, құрметтеуіміз керек, бүкіл әлемді фашистік соғыстан алып қалған жауынгерлеріміздің ерлік істерін естен шығармауымыз керек. Бұл ұмытылмас оқиға. Қазақстандықтардың соғыс кезінде майданды өте мол көлемде азық-түлікпен қамтамасыз еткенін ұмытпауымыз керек»,-деді Чапай Муталипов.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз