Көкшетауда шетелдік инвесторлармен жаңа ЖЭС салу талқыланды

6 Мамыр, 2015 18:13
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласында ЖЭС салуды жоспарлаушы «ALL ENERGY LTD» Israel израильдық компаниясының өкілі, қаржылық директоры Валери Амиеляны қабылдады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Израилдық компания атап өткендей, барлық қаржылық мәселелер шешілген.  Бүгінде ЖСҚ жобасы құрастырылу кезеңінде.

Өз кезегінде өңір басшысы аймақтың барлық инвестиция құюшыларға ашық екендігін айтты.

Атап өтейік, өткен жылдың 17 қыркүйегінде Көкшетау қаласында қуаттылығы 180 МВт (электр), және 450 Гкал/ч (жылу) болатын ЖЭС құрылысы туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Бұл жоба қала тұрғындары мен өндірістік кәсіпорындарын электр және жылу қуатымен жабдықтап, облыс орталығын жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз ететін болады.  

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар