- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО ардагерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды
ШҚО ардагерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысына сәйкес, мемлекетке сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай шығысқазақстандық ардагерлер мен белсенді азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов «Құрмет» орденін Георгий Гудков, Константин Гуслев, Салих Сабилянов, Григорий Северушенков, Токтағазы Тлеубаев, Анатолий Коротковқа табыс етті. Орденге ие болғандардың бесеуі Ленинградты, Белоруссияны, Курск доғасын және Жапонияны азат етуге қатысқан соғыс ардагерлері болса, Анатолий Коротков Лениногорск комбинатында 38 жыл еңбек еткен тыл ардагері.
Сондай-ақ, Жапонияны азат ету ұрыстарына қатысқан соғыс ардагері Елеусіз Қинбаев және тыл ардагерлері Клавдия Гаврилко мен Мария Колмакова «Ерен еңбегі үшін» медальдарімен марапатталды. Ал Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы тыл ардагерлері Майра Бағдатова мен Бұлқанов Төкенге, мемлекеттік қызметке ширек ғасыр ғұмырын арнаған Төлеухан Әбілқасымовқа табысталды.
«Ардагерлер – еліміздің мақтанышы. Бүгінгі басымыздағы бейбіт заман сіздердің арқаларыңызда орнады. Ерліктеріңіз бен ел үшін еткен еңбектеріңіз – болашаққа қадам басқан жас ұрпаққа шамшырақ іспетті қызмет етері сөзсіз. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін». – деді Д.Ахметов.
Ұлы Отан соғысы жылдары Шығыс Қазақстаннан майдан даласына 170 мың адам аттанып, оның 96 мыңы оралмаған. 109 ардагер Кеңес одағының батыры атағына ие болса, 22 шығысқазақстандық ең жоғарғы сарбаз наградасы – Құрмет орденінің толық Кавалері атағына ие болған. Сондай-ақ, облыстың 9 мың тыл ардагері «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдарімен марапатталған.
Бүгінгі күні ШҚО-да 579 ҰОС ардагері мен 27 468 тыл ардагері бар. Шығысқазақстандық ҰОС ардагерлеріне барлық бюджет көздерінен 500 мың теңге көлемінде бір мезеттік ақшалай төлем табыс етілді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен ҰОС ардагерлеріне шипажайлар мен демалыс орындарына тегін жолдама беріледі.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті