Мәңгілік ел идеясы – қазақстандық құндылықтардың бастысы – сарапшы

6 Мамыр, 2015 15:24
ҚР Президенті Мәңгілік ел идеясын ұсынған болатын, оны қазақстандық қүндылықтардың бастысы деп айтуға болады, деді РФ Ұлттық стратегия институты халықаралық жобаларының директоры Юрий Солозобов.

«Н.Назарбаев өте сауатты идеолог. ҚР Президенті Мәңгілік ел идеясын ұсынды, бұл қазақстандық құндылықтардың  бастысы. Ұрпақтарымызға жақсы материалдық құндылық қалдыруымыз керек: жақсы жолдар, жаңа қалалар мен жаңа елді құрудың мықты рухы», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, бізде қазір оның бәрі бар, сайлау да оны дәлелдеді. «Оның сақтап қалуға Мәңгілік ел идеясы көмектеседі. Мен аталмыш бастаманы қолдаймын», -деді ол.

 

Барлық жаңалықтар