• Басты
  • Жаңалықтар
  • Құрық портындағы паромды кешеннің жылына жүк өткізу қуаттылығы 4 млн тоннадан асады

Құрық портындағы паромды кешеннің жылына жүк өткізу қуаттылығы 4 млн тоннадан асады

6 Мамыр, 2015 12:53
Паромды кешеннің жылына жүк өткізу қуаттылығы 4 млн 100 мың тонны құрайды, деп хабарлады «Қазақстан Темір Жолы»ҰК»АҚ вице-президенті Роман Скляр ОКҚ-да.

«Құрық портындағы паромды кешен құрылысы жобасымен гидротехникалық құрылыстық құрылғы, пирс, әкімшілік көмекші ғимараттар қарастырылған. Бұдан басқа, Ерсай станциясынан келетін темір жол желісі салынады. Паромды кешеннің жылына жүк өткізу қуаттылығы 4 млн  100 мың тонны құрайды. 2015 жылдың сәуір айында аталмыш жобаға бастау берілді», - деді Р.Скляр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Боржақты - Ерсай» теміржол желісінің құрылысы жүруде, оған бастаманы Елбасы 2014 жылы қазан айында берген болатын.

Сонымен, теміржол магистралына Құрық портының құрылысына қажетті жүктер жеткізіледі. Ал, болашақта магистралдың өзі теңіз мұнай операцияларына қолдау көрсетудегі маңызды инфрақұрылымдық нысанға айналады.

Жалпы, Құрық порты еліміздің көліктік-логистикалық  жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналады. Порттың құрылысы 2016 жылдың соңына қарай аяқталады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар