- Басты
- Жаңалықтар
- Президент әскерилер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды
Президент әскерилер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды
«Ордендерге ұсынылғандардың арасында түрлі ұйымдардың өкілдері бар, олардың барлығын Қазақстанның бейбіт те қарышты дамуына қосқан үлес біріктіріп отыр. Бүгінгідей бейбіт уақытта сіздер тәуелсіздіктің күзетінде тұрсыздар, еліміздің шекарасы мен тұрақтылығын, заңдылығын қорғаудасыздар. Сіздердің өмірлеріңіз толықтай Отан қорғауға бағытталған, сіздер осы мамандықты таңдадыңыздар, сондықтан да оны жетілдіру керек, әлемдік тәжірибені зерттеп, әркім өзінің қызметінде үздік болуы керек»,-деді ҚР Президенті мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде.
Елбасының айтуынша, кез-келген мамандықта кәсібилік жоғары бағаланады, сондықтан осы биікке жеткізе білу керек, бүкіл ғұмырыңда арнаған мамандықты игеру керек.
«Пагон тағып жүргендер үшін белгіленген уақыт болмауы керек, Отанға тәулік бойы қызмет ету керек, сондықтан да наградалар сіздерді бүгінгіден де таза еңбекке ынталандыруы тиіс. Сіздер бұны өздеріңіздің айналаңыздағыларға үлгі етулеріңіз керек. Сондықтан да мен мінсіз қызмет үшін сіздерге осы наградаларды табыстаймы»,-деді Ұлт Көшбасшысы.
Естеріңізге сала кетейік, «Даңқ», «Айбын», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» наградалары еліміздің Қарулы Күштерінің, Ішкі істер органдарының, Мемлекетті қорғау қызметінің, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Бас прокуратура мен өзге де органдардың өкілдеріне берілді.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері