• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев Жеңістің 70 жылдығының қарсаңында ҰОС ардагерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

Н.Назарбаев Жеңістің 70 жылдығының қарсаңында ҰОС ардагерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

6 Мамыр, 2015 12:21
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін салтанатты түрде ордендермен марапаттады.

"Құрметті достар, қадірменді ардагерлер, мемлекеттік наградалрды тапсыру рәсімі Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты мерекелермен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл екеуі де атаулы даталар. Бүгін біздің залымызда еліміздің бостандығы мен бейбіт өмірін алып берген ардагерлер отыр. Мен бүгін сіздерге «Барс» және «Құрмет» ордендерін тапсырамын, бұл бүгінгі буынның сіздерге берер аз ғана сыйы. Бүкіл ел және бүкіл әлем сіздерге оны қорғағандарыңыз үшін  разы»,-деді Н.Назарбаев наградаларды тапсыру рәсімінде.

Мемлекет басшысының сөзінше, ардагерлерді наградтау аға буын, бүгінгі азаматтар мен болашақ ұрпақтың үзіліссіз жалғастығын паш етеді.

«Сіздердің ұрыс алаңы мен бейбіт өмірдегі жанкешті әрекеттеріңіз батырлық пен патриотизмнің үлгісі болып қала береді. Біздің барлық ардагерлеріміз үшін ең басты марапат - біз ұлы жеңіске жеттік және бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – гүлденіп келе жатқан ел және барлық азаматтардың мамыражай тіршілігі. Мен сіздердің осыған қарап отырып, бекерден-бекер қан төгілмеген екен, бекер еңбектенбеген екенбіз деген ойда отырған шығарсыздар деген ойдамын. Біз сіздер күрескен, сіздердің бастаған істеріңізді халқымыздың игілігі үшін бейбіт өмірде жалғастырудамыз. Осының өзі сіздердің еңбектеріңіздің бекер болмағандығын, сіздердің істеріңізді бүгінгі қазақстандықтардың жаңа буыны сәтті жалғастыруда және олардың еңбектерін бүкіл әлем мойындап отыр»,-деді Мемлекет басшысы.       

 Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар