- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Жеңіс шеруіне еліміздің облыстарынан келген ардагерлер салтанатты жағдайда күтіп алынды (ФОТО)
Астанада Жеңіс шеруіне еліміздің облыстарынан келген ардагерлер салтанатты жағдайда күтіп алынды (ФОТО)
«Мемлекет басшысы Жеңістің 70 жылдығына қатысты - бұл еліміздің тарихында ұмытуға болмайтын Ұлы Жеңіс екендігін айтты. Соның ішінде біз де, яғни білім беру саласының өкілдері де өскелең ұрпақтың алдына сіздердің ерлік істеріңізді үлгі ете отырып, олардың ұмытылмауына күш салып отырмыз»,-деді ардагерлерді қарсы алу рәсімінде сөйлеген сөзінде Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев.
Ұлы Отан соғысының ардагерлерін салтанатты түрде перронда қарсы алынды. Жеңімпаздар үшін тап осы вокзал маңындағы алаңда кішігірім концерт ұйымдастырылды.
«Сіздерге осындай қуанышты күндеріңіз көп болсын деп тілеймін, еліміз гүлденіп, сіздердің ерлік істеріңіз кейінгі жастарға үлгі бола берсін. Астанаға аман-есен жетулеріңізбен, мұнда өтетін мереке сіздерге жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер қалдырсын деп тілеймін»,-деді вице-министр.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 7-9 мамыр аралығында 50-дан астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның ішіндегі ең маңыздысы әскери парад. Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеру мен өзге де іс-шараларға еліміздің 14 облысынан 244 ардагер шақырылған.
Анар Тәңірқұлова
Суретті түсірген Азамат Алиев
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
COVID-19 қарсы вакцина: 14 000 адамға салынды, асқыну болған жоқ