• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында жоғары әскери және арнаулы атақтар берді

Н. Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында жоғары әскери және арнаулы атақтар берді

6 Мамыр, 2015 11:29
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында жоғары әскери және арнаулы атақтар берді

«Мен ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығы ұлы мереке қарсаңында «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл дәстүрге айналды – атақты аса жауапты күні алу. Сіздер жұмыс кестесі жоқ ерекше мамандықты таңдадыңыздар, отанға қызмет ету – ол тәулік бойы дегенді білдіреді. Халық пен мемлекет алдындағы борышты өтеу үшін бар күштеріңізді сарп етулеріңіз керек. Бұл бір жағынан сіздерді тәрбилеген ата-аналарға, сіздер тәрбиелеп отырғандарға  көрсетілген құрмет», - деді  Президент Н. Назарбаев Ақордадағы атақ беру салтанаты барысында.

Ұлт көшбасшысының айтуынша, мемлекет елімізде бейбітшілік болуы үшін барлығын жасауда, көршілермен жақсы қарым-қатынас орнатуда. «Сіздер осы мамандықты таңдадыңыздар, жалпы кез-келген мамандық жауапкершілікті талап етеді. Сіздер әлемдік тәжірибені зерттеулеріңіз керек, өздеріңізді командир, генерал ретінде жетірдірулеріңіз керек, осыны ұмытпаңыздар, сіздерге берілген атақты абыроймен алып жүріңіздер», - деп атап өтті Президент.

Жаңа атақ алғандардың арасында – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция мен әділет министрлігінің өкілдері бар.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар