Шымкенте «Futures F6» халықаралық теннис турнирі басталды

11 Қазан, 2013 17:35
10 мың доллар ұтыс қоры бар «Futures F6» теннис турнирі Шымкентте басталды, деп Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шымкентте «Futures F6» атты 10 мың доллар ұтыс қорын құрайтын теннис турнирі өтеді. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Грузия, Молдавия, Жаңа Зеландия, Испания, Канада елдерінің 60 спортшысы қатысады», - деп хабарламада нақтыланған.

Турнирді Польшаның халықаралық төрешісі Марек Плихчиньскийй бағалайды. Қазының айтуынша, қазақстандық теннисшілердің шеберлігі жыл сайын артуда.

 

Барлық жаңалықтар