- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде Кеңес Одағының батыры Малкеждар Бөкенбаевқа ескерткіш ашылды
Ақтөбеде Кеңес Одағының батыры Малкеждар Бөкенбаевқа ескерткіш ашылды
Ардагер мүсіні ҚР ІІМ Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының алаңқайына қойылды.
Ашылу рәсіміне Батырдың қызы Шахизада Бөкенбаева, немересі Дина, құқық қорғау органдарындағы әріптес-ардагерлер, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев қатысты.
Хабарламада аталып өткендей, Ақтөбеде ардагердің атына қала көшесі де берілген. Соғыс ардагері тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.
ІСБ ақпараты бойынша, Малкеждар Бөкенбаев 1081-ші атқыштар полкінің взводын басқарды. 1944 жылы 20 шілдеде өз бөлімшесімен бірге ол Люблин-Брестовск шабуыл операциясы барысында Батыс Буг өзенін кесіп өтті. Офицер взводы польшалық Хелм қаласының шығыс жағында 22 шақырым қашықтықта орналасқан Дорохуск елді мекені ауданында тиімді позицияны алып, жау шабуылдарын қайтарды.
Қоян-қолтық ұрыста лейтенант Малкеждар Бөкенбаев фашист офицерін атып тастап, бесеуін тұтқынға алды. Шайқас кезінде ауыр жараланған ол ұрыс алаңынан кетпей, 1081-атқыштар полкының негізгі бөлімі келгенше взводты басқарды. Полтавадағы жеңісі үшін ол Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Малкеждар Бөкенбаев ұзақ уақыт ішкі істер органдарында жұмыс істеді. Қызметін қарапайым учаскелік милициядан бастаған ол милиция майоры болып отставкаға кетті. Өмір бойы Ақтөбеде тұрды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі