• Басты
  • Астанадағы әскери парадқа шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін салтанатты түрде қарсы алуда (Фото)
6 Мамыр, 2015 16:09

Астанадағы әскери парадқа шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін салтанатты түрде қарсы алуда (Фото)

Қазақстанның түрлі өңірлерінен Астанаға Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен құралған делегация келді.Бүгін таңертең елордаға темір жол және авиакөліктерімен Павлодар, Жамбыл, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан ҰОС ардагерлері келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астанадағы әскери парадқа шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін салтанатты түрде қарсы алуда (Фото)

Бұдан кейін Алматы қаласынан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан ҰОС қатысушылар келеді деп күтілуде. 5 мамыр күні кешкі авиарейспен елордаға келген алғашқы қонақтар Атырау облысының ҰОС ардагерлері болатын.

Әскери музыканттар және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Астана әуежайына келген делегацияны салтанатты түрде қарсы алды. «Қаншама жылдар өтсе де Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есінде сұрапыл соғыс жылдарының естеліктері мәңгі қалды. Біз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге келдік.

Жастардың жүз мыңдаған адамның қанымен келген жеңісті, бейбітшілікті көзінің қарашығындай сақтап, бағалайтынын көру бір ғанибет», - деді Атырау облысы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриев. Әскери парадқа және мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Қазақстанның 14 облысы мен Алматы қаласынан жалпы саны 244 ардагер, сондай-ақ Астанада тұратын 16 ҰОС ардагері шақырылды.

 7 мамыр күні өтетін әскери парадтан кейін біздің батыр отандастарымыз салтанатты қарсы алу рәсіміне, «Қазақстан» ОКЗ мен «Астана опера» МОБТмерекелік концерттерге, Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қоюға, қала бойынша саяхатқа (ҚР Ұлттық музейі, «Бәйтерек» монументі, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, «Хазірет Сұлтан» мешіті және т.б.) қатысады. Сонымен қатар Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, сондай-ақ Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан алты ардагер Жеңістің мерейтойына арналған парадқа қатысу үшін Мәскеу қаласына аттанады.
 

Барлық жаңалықтар