- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың алғашқы төрт айында «Бәйтерек» холдингі кезекте тұрғандарға 2437 пәтер берді - Бишімбаев
2015 жылдың алғашқы төрт айында «Бәйтерек» холдингі кезекте тұрғандарға 2437 пәтер берді - Бишімбаев
«Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» холдингі алдында тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту міндеті тұр. Аталмыш бағыт аясында холдинг ауданы 487 мың шаршы метр - 9740 пәтерді азаматтарға болашақта сатып алу құқығымен жалға беру үшін сатып алуды және салуды жоспарлауда. Сатып алынған немесе салынатын үйлердің жартысы жас отбасыларға үйлестіріледі. Біздің еншілес компанияларымыз 2015 жылдың наурыз айында ауданы 77 мың шаршы метр шамасында болатын алғашқы 1357 пәтерді сатып алды. Бүгінгі таңда барлық пәтерлер қалаларда үйлестірілген, Астанада ауданы 7,6 мың шаршы метр болатын 86 пәтер, Алматыда жалпы ауданы 43,7 мың шаршы метр 803 пәтер, Семей, Қостанай, Көкшетауда», - деді «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбев.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Шымкентте жалпы ауданы 56,2 мың шаршы метр болатын 1080 пәтердің құрылысы басталды, ол "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ-ның қаржысына салынуда.
«Қазіргі таңда атқарушы органдармен жұмыстар жүргізілуде, 2015 жылдың алғашқы төрт айында «Бәйтерек» холдингімен оның еншілес компаниялары жалпы ауданы 130 мың шаршы метр болатын 2437 пәтерді кезекте тұрған азаматтарға үйлестіріп берді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік саланың қызметкерлері, әскерилер, көп балалы отбасылар, мүгедек балаларды тәрбилелеп отырған отбасылар мен жас отбасылар», - деп түйді Басқарма төрағасы.
Ботагөз Айтжанова
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет