- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Астанасы ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге дайындалуда (ФОТО)
Қазақстан Астанасы ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге дайындалуда (ФОТО)
Ауқымды шеруге 5000-нан астам әскери қызметші, саны 220-ға жуық қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника, 70 бірлік заманауи авиациялық техника қатысатын болады. Мұнда ҚР Қарулы Күштерінің қазіргі келбетімен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы армия және қару түрлері көрсетіледі.
Олар Қызыл армия киім үлгісіндегі әскери қызметшілер, санитар-нұсқаушы қыздар, 27 бірлік техника мен қару-жарақ (танк Т-34, ЗиЛ-157, ЗИС-2 және М-30 гаубицалы зеңбірек, танымал БМ-13, РС-30 «Катюша» және «Максим» пулеметі). Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері парадқа ерекше көрік береді.
Парадқа қатысу үшін жалпы саны 186 қыз-келіншек іріктеліп алынды. Олардың ішінде 32 адам – ҰОС уақытындағы рота құрамында тарихи бөлімде, ал ҚР ҚК барлық әскер түрлері мен тектерінен 154 әскери қызметші – қазіргі заманғы бөліміне қатысады. Біріккен рота құрамы жеке жаяу лекпен, қазақстандық әскери оқу орындарының курсанттарының соңын ала адымдайтын болады.
Қорғаныс министрлігінің біріккен оркестрі мен авиа-шоу дың парадтағы ерекше орнын атап өтуге болады. Әскери музыканттар кеңестік және қазақстандық сазгерлердің отызға жуық танымал әуендерін орындайды, ал ұшқыштар жеке және пилотаждық топ құрамында жоғарғы пилотаж кескіндемелерін жасай отырып өз шеберліктерін көрсетеді. Алдағы парад – ұрпақ болашағы үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен әке, ата-бабаларымызға деген құрмет, бұл бүгінгі елімізді қорғайтын қазақстандық армияның қуатын көрсету.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді