- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Жеңістің 70 жылдығының құрметіне арнап Ақмола облысында ағаш отырғызды (Фото)
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК Жеңістің 70 жылдығының құрметіне арнап Ақмола облысында ағаш отырғызды (Фото)
Ұлттық компания хабарлағандай, шараны ұйымдастырушылар «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» , Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі, G-GLOBAL Халықаралық хатшылығы, «Ақбота» ҚҚ және «Тұрақты даму» Жер қоры. Болып табылады.
«Вячеслав орта мектебін бірегей мекеме деп атауға болады. Мұнда оқушылардың бойында бірінші сыныптан бастап туған жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілік тәрбиеленеді. Балалар нақты мысалдар арқылы энергияны тиімді пайдалануға үйреніп, осындай технологияларды қолданудың пайдасын көріп өседі. Жеңістің 70 жылдығына орай және туған жерін қорғаған сарбаздардың құрметіне арнап алма ағашын дәл осы мектепте отырғызудың астарында үлкен мән жатыр», - деп атап өтті өзінің сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Бұқаралық шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры - басқарушы директор Салтанат Рахимбекова.
Мектептің жанында өз жер телімі және жылыжайы бар, күнделікті қызметінде озық технологияларды қолданады. Мұнда суды жылыту үшін күн батареяларын, жарық диодты жарықтандыруды, ал жылыту мақсатында пиролиздік пешті қолданады. Қазір балалар тамшылатып суару әдісін және су себуге арналған жаңбырлатқыш саптамаларды қолданысқа енгізіп отыр.
«ЭКСПО бағын» отырғызуға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарушы директоры Салтанат Рахимбекова, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэролин Браун, Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары Серік Нөгербеков, Айгүл Соловьева, Серік Оспанов, Надежда Нестерова, Аршалы ауданының әкімдігі, әскери қызметкерлер, тыл еңбекшілері, сондай-ақ, Вячеслав орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Іс-шара кезінде Вячеслав мектебінің оқушыларына «ЭКСПО бағын сақтаушы» деген сертификат салтанатты ортада табысталды. Енді орта мектеп оқушылары көшеттерге күтім жасап, алма ағаштарын өсіретін болады. 2017 жылы көрме қонақтары «ЭКСПО бағында» өсірілген алмалардан дәм тата алады деп көзделіп отыр.
Іс-шара мерекелік концертпен, далада жайылған дастарханмен аяқталып, соңында Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығының құрметіне арнап мерекелік оқ ату рәсімі өткізілді.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды