• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сауд Арабиясының Королі Н.Назарбаевты ҚР Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Сауд Арабиясының Королі Н.Назарбаевты ҚР Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

5 Мамыр, 2015 21:09
Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Сауд Арабиясы Үкіметінің және халқының атынан құттықтап, оған мықты денсаулық, ал достас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.  

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз Сауд Арабиясы мен Қазақстанның арасындағы бауырластық, достық байланысты жоғары бағалайтынымызды айтқым келеді. Бауырлас елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастарды барлық салада бұдан әрі де нығайтып, дамыта беруге ниеттіміз», – делінген жеделхатта. 

Барлық жаңалықтар