- Басты
- Жаңалықтар
- Әлемдік көшбасшылар Н.Назарбаевты ҚР Президенті болып сайлануымен құттықтады
Әлемдік көшбасшылар Н.Назарбаевты ҚР Президенті болып сайлануымен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Президенті лауазымына сайлануына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Симонетта Соммаруганың құттықтауы келді.
С.Соммаруга Швейцария Федералдық кеңесі атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
«Қазақстанда реформаларды жүзеге асыру және демократияны нығайту бағытындағы Сіздің күш-жігеріңіздің барынша табысты болуын тілеймін. Елдің әл-ауқатын артыру жөніндегі саясатыңыз сәтті болады деп үміттенемін. Біз бұдан әрі де ортақ мүдде жолында елдеріміз арасындағы игі қарым-қатынасты дамыта алатынымызға сенімдімін. Швейцарияның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы серіктестігіміздің аясын кеңейте түсуге тамаша мүмкіндік тудырады», – делінген жеделхатта.
А.Киска Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
«Елдеріміз арасындағы достық қатынастар мен сындарлы диалог алдағы уақытта да өзара мүдделік бар барлық салада нығая отырып өрістей беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Словакия Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық, Қазақстан азаматтарының игілігі және елді бейбіт әрі орнықты дамыту жолындағы қызметіне табыс тіледі.
Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
«Халық жасаған таңдау біздің екіжақты ынтымақтастығымыз аясында жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыруда жемісті жұмыс істеуімізге жақсы мүмкіндік береді», – делінген жеделхатта.
Иран Президенті Елбасыға мықты денсаулық пен зор табыс, ал достас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
А.Ахмадзай Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
Ауғанстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық аясының одан әрі кеңеюінен үміттенетінін жеткізіп, Мемлекет басшысына табыс, ал достас Қазақстан халқына бақыт пен құт-береке тіледі.
М.Рютте Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
«Сіздің Нидерландқа сапарыңызды және біздің 2014 жылғы наурыздағы сындарлы кездесуімізді жылы сезіммен еске аламын. Өзара саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту елдерімізге игі ықпал ете алады, сондықтан мен өзара мүдделілік бар мәселелердің кең ауқымы бойынша сындарлы диалогымызды жалғастыратынымызға сенімдімін. Бұдан әрі де екіжақты және көпжақты негіздегі ынтымақтастықтан үміттімін», – делінген жеделхатта.
Нидерланд премьер-министрі Қазақстан кірісіп жатқан реформалар бағдарын да атап өтті.
«Сіздердің жаңғырту жөніндегі жоспарларыңыз голландтық компаниялардың инновациялық сипатымен сәйкеседі. Біздің компанияларымыздың көптеген салада, әсіресе энергетика, мұнай химиясы және ауыл шаруашылығында берік байланыстары бар. Алда бізді көптеген мүмкіндіктер күтіп тұрғанына сенімдімін», – делінген құттықтауда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар