• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Казконтент» АҚ қызметкерлері ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай ардагерлерге сыйлықтар үлестірді

«Казконтент» АҚ қызметкерлері ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай ардагерлерге сыйлықтар үлестірді

5 Мамыр, 2015 20:17
Жеңіс Күні қарсаңында «Қазконтент» АҚ қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесіп, оларға сыйлықтар табыстады.

Еске сала кетсек, «Қазконтент» АҚ Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясындағы шаралар туралы ақпарат таратуға белсенді түрде қатысуда. Атап айтсақ, El.kz порталында «Ұлы жеңіске 70 жыл»арнайы парағы ашылса, BNews.kz жаңалықтар порталында Ұлы Отан соғысының батырлары туралы арнайы жоба іске қосылды. Сондай-ақ, Kaztube-те «Ұлы жеңіске 70 жыл» жұмысын бастаса, «Қазақстан тарихы» жобасы «Бір суреттің тарихы» атауымен көрме өткізуде.

Кеше, 4 мамырда «Қазконтент» АҚ-тың бүкіл ұжымы атынан ардагерлерге сыйлықтар табысталып, бейбіт өмір үшін алғыс айтылды. 
 

Барлық жаңалықтар